Біз туралы

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ шет тілдер факультетінің міндеті – педагогикалық , ғылыми және аударма қызметін жузеге асыра білетін, жоғары адамгершілік пен азаматтық әлеуетке ие және бәскеге қабілетті көптілді мамандарды халықаралық стандарт талаптарына сай дайындау болып табылады.

Шет тілдер факультеті филология факультетінің жанынан шетел тілдер кафедрасы негізінде құрылды.

Оқу үдерісін Германиядан, Франциядан, Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, Италиядан келген шетелдік мамандар және оқытылатын тілдер елдерінде тағылымдамадан өтіп келген жоғары білікті профессор оқытушылар құрамы оқытады.

Факультетте «Университеттің үздік оқытушысы» атты республикалық байқаудың жеңімпаздары (п.ғ.д., профессор Б.А.Жетписбаева, ф.ғ.д., профессор Г.И.Исина, п.ғ.к., доцент Г.К.Тлеужанова, ф.ғ.к., доцент Какжанова Ф.А., п.ғ.к., доцент У.И.Копжасарова, п.ғ.к., доцент Г.Н.Акбаева; мемлекеттік ғылыми стипендиялар мен мемлекеттік атаулы сыйлықтар иегерлері (п.ғ.д., профессор Б.А.Жетписбаева, п.ғ.к., доцент Г.Н.Акбаева, п.ғ.к., доцент У.И.Копжасарова) жұмыс істейді.

ФОТО

Факультет құрылымына 4 кафедра, қытай тілі және мәдениеті орталығы, тіл білімі мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу зертханасы кіреді.

Факультет халықаралық ұйымдар: Германияның «DAAD» академиялық алмасу қызметімен, «Goethe-Institut» неміс тілін дамыту және қолдау ұйымымен, Француз Альянсымен, Қазақстандағы Франция елшілігі жанындағы лингвистикалық орталықпен, Британдық Кеңес және т.б. ұйымдармен тығыз байланыста. Факультет оқытушылары мен студенттер жыл сайын мобильді академиялық бағдарлама аясында АҚШ, Германия, Франция, Қытай, Чехия, Испания, Румыния, Россия және т.б. әлем елдерінде білім алады.

ФОТО

Факультет мемлекеттік және орыс тілдерінде бакалаврларды (оқу мерзімі-4 жыл, орта кәсіби білім алу негізінде -3 жыл және жоғары білім алу негізінде-2 жыл):

5B011900 – Шетел тілі: екі шет тілі (ағылшын, неміс, француз)

5B02100 – Шетел филологиясы (ағылшын, неміс, қытай)

5B020700 – Аударма ісі мамандықтар бойынша дайындайды.

Сонымен қатар факультет жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша ғылыми және педагогикалық кадрларды:

6M011900 – Шетел тілі: екі шет тілі,

6M02100 – Шетел филологиясы мамандықтары бойынша магистратура;

6D011900 - Шетел тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша докторантура даярлау жүзеге асырылады.

Екінші тілді (ағылшын, неміс, француз, қытай) оқу міндеттеледі. Итальян және корей тілдері факультативті оқытылады.

Факультет білім беру бағдарламаларын халықаралық және ұлттық аккредиттеуден табысты өтті.

ФОТО

Факультеттің жетістіктері Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ дипломдарымен:

2015 – 2016 оқу жылында «Оқу үрдісін үздік ұйымдастыру» номинациясы бойынша Гран – при; мамандарды сапалы дайындау үшін I дәрежелі сапа дипломы (2006, 2007 жж); «Үлгілі білім беру және әлеуметтік – мәдени жұмыс» үшін диплом (2005, 2006 жж); «ҚарМУ-дің үздік студенттік тобы» дипломы (2007 ж.); «Оқу үрдісінің үздік ұйымы» атты дипломдармен (2004, 2010, 2012, 2014 жж) марапатталды.

ФОТО

Болашағыңды ҚарМУ-мен бірге баста!

Жоғары