Факультет туралы

Өмірдің барлық салалары үшін шет тілі мамандарын даярлауды жүзеге асыратын шет тілдер факультеті 1994 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ филология факультетінің шет тілдер кафедрасы негізінде құрылған. Факультеттің құрамына 4 кафедра, қытай тілі мен мәдениеті орталығы және тілдік білім беру мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу зертханасы кіреді.

МИССИЯ: өмірдің барлық салалары үшін заманауи жаһандық сын-тегеуріндерге бейімделетін көптілді мамандарды даярлау

КӨЗДЕУІМІЗ: шет тілінен даярлау саласында көшбасшылыққа ұмтылу

БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАР: қазақстандық патриотизм, адалдық, академиялық еркіндік, кәсібилік, жаһандық азаматтық, салауатты ойлау, эмоционалды интеллект, ашықтық

ШЕТ ТІЛДЕР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

- Факультеттің құзыретті кадрлық құрамы: оқу процесін оқытылатын елдерде тағылымдамадан өткен жоғары білікті оқытушылар қамтамасыз етеді. Бұл 100-ден астам оқытушылар: профессор-оқытушылар құрамы, ғылым докторлары мен PhD докторлар, ғылым кандидаттары мен доценттер, ғылым магистрлері арасында 5 «Үздік оқытушы» атағының иегерлері. Факультетте дәстүрлі түрде Германия, Франция, Қытай, Оңтүстік Корея және Италиядан келген шетелдік мамандар жұмыс істейді. Осы жылы факультетте ағылшын тілі оқытушысы, PhD докторы В. Сартор (АҚШ), итальян тілі оқытушысы, «Шет тілі ретінде итальян тілінің дидактикасы» мамандығының магистрі Паоло Мантратси (Италия) жұмыс істейді;

- шет тілін оқытудың үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету: бакалавриат, магистратура, докторантура.

- Шихэцзы университетімен (Қытай) бірлескен білім беру бағдарламасын жүзеге асыру: жыл сайын, 2015 жылдан бастап факультетте қытай студенттері оқиды.

- Қос дипломды білім беруді жүзіге асыру: 2016 жылдан бастап Шет тілдер факультетінде НГПУ-мен (Ресей) бірлесе отырып қос дипломды бағдарлама жүзеге асырылуда.

- Ағылшын тілінде білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру: 2018 жылдан бастап магистратурада «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы ағылшын тілінде жүзеге асыруда.

- Білім беру бағдарламасының мазмұнын үнемі жаңартып отыру: 2019 жылдан бастап - «Шетелдік студенттерге арналған орыс тілі» жаңа білім беру бағдарламасы.

- Білім берудің инновациялық формаларын енгізу: 2019 жылдан бастап факультетте қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша (ДОТ) даярлау жүргізіліп жатыр.

- білім беру қызметтері нарығындағы жағымды имидж: студенттер контингентінің жыл сайын өсуі (студенттер контингенті осы жылы 1161 адамды құрады), түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары пайызы. 2019 жылы түлектердің жұмысқа орналасуы 90,6% құрайды: Шет тілі: екі шет тілі 87%, Шетел филологиясы - 85%, Аударма ісі - 100%.

- практикалық-бағдарланған оқыту, кафедралар филиалдарының қызмет етуі (№ 97 гимназия, Н.Нурмаков атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернат), филиалдар базасында далалық сабақтар өткізу, филиалдар базасында СОӨЖ ұйымдастыру, практикалық оқытушыларды факультетімізде сабақтар өткізуге жұмылдыру арқылы жүзеге асырылатын практикалық-бағдарланған оқыту.

- «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша диссертациялық кеңестің болуы, нәтижесінде 6 философия докторы қорғалды.

- ұлттық рейтингтердегі білім беру бағдарламасының жоғары позициялары (IQAA, IAAR): 2019 жылы: бакалавриат (IQAA рейтингі) - «Шет тілі: екі шет тілі» - 5 орын; «Шетел филологиясы» - 2 орын; «Аударма ісі» - 3 орын; магистратура бойынша (IQAA рейтингі) - «Шет тілі: екі шет тілі» - 2 орын; «Шетел филологиясы» - 2 орын; докторантура (IAAR рейтингі) - «Шет тілі: екі шет тілі» - 2 орын

- факультетте гранттық қаржыландырудың болуы: әр жылдары факультетте ғылыми жобалар жүзеге асырылды. 2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қаржыландырған 2 ғылыми жоба орындалды, қазіргі уақытта 2 ғылыми жоба жүзеге асырылуда (2018-2020 жж.).

- шетелдік студенттердің факультетте білім алуы, академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру: факультетімізде АҚШ, Германия, Франция, Қытай, Чехия, Испания, Румыния, Ресей және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі интернационализация және академиялық ұтқырлық стратегиясына сәйкес басқа елдерге де академиялық ұтқырлық бағдарламасының дамуы. Жыл сайын академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білімалушылар оқуға барады.

- мықты материалдық-техникалық базасы: факультет материалдық-техникалық базасымен, компьютерлік сыныптармен, арнайы қазіргі заманғы мультимедиялық және интерактивті кешендермен жабдықталған.

- факультет түлектері қауымдастығының болуы.

- сертификация и аккредитация ОП факультета: все ОП факультета прошли процедуру аккредитации: национальную и международную (НКАОКО, АКВИН).

- факультетін білім беру бағдарламасының сертификаттауі және аккредиттеуі: факультеттің барлық білім беру бағдарламалары аккредиттеу рәсімдерінен өтті: ұлттық және халықаралық (IQAA, AKVIN).

- халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру: факультет халықаралық ұйымдармен тығыз байланыста: «DAAD» неміс академиялық алмасу қызметі, «Goethe-Institut» неміс тілін қолдау және дамыту қоғамы, Француз альянсы, Қазақстандағы Франция елшілігінің лингвистикалық орталығы, Британдық кеңес және т.б.

Факультеттің жетістіктері әр жылдары Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің дипломдарымен атап өтілді: