Факультеттің шетелдік серіктестері

Факультеттің шетелдік серіктестері

2001 жылдан бастап Еуропалық және шығыс тілдері кафедрасында DAAD (Германияның академиялық алмасу қызметі) оқытушысы жұмыс істейді, оған сәйкес DAAD оқытушылары педагогикалық қызметпен айналысады:

Шет тілдер факультеті Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ мен Шихэцзы университеті (ҚХР) арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асырады, оған сәйкес 2013 жылдан бастап студенттер мен оқытушылармен академиялық алмасу жүзег еасырылады. Жыл сайын 5В011900 – "Шет тілі: екі шет тілі", 5В021000 – "Шетел филологиясы" білім беру бағдарламаларының студенттері Негізгі және екінші шет тіліретінде қытай тілін оқыту аясында Шихыцзы университетінде білім алуда.

2014 жылдың қараша айында факультет профессор-оқытушылар құрамы үшін Вармиан-Масуриан университетінің профессоры (Польша) Александр Киклевичтің «Антропологиялық лингвистика: постулаттар, проблемалар мен перспективалар», «Когнитивтік лингвистика» тақырыптарында қонақ дәрістерін ұйымдастырды.

Филология ғылымдарының докторы, профессор У.М.Бақтикиреева көптілділік және аударма ғылыми-білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Қазіргі кезеңде тіл, мәдениет, аударма ғылым дамуы» тақырыбында қонақ дәрістер өткізді.

Ресей халықтар достығы университеті (Ресей) (қараша 2014).

Факультет Тамбов мемлекеттік техникалық университетімен (Тамбов қ., Ресей), Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университетімен (Новосибирск қ., Ресей) тығыз байланыста. Факультет студенттері жыл сайын академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында НГПУ-да білім алуда.

Негізгі (ағылшын) тілі және екінші шет тілі (француз және неміс тілдері) бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында НГПУ студенттерінің жыл сайынғы педагогикалық тәжірибесі ұйымдастырылды (Новосибирск, Ресей).

НГПУ-мен (Ресей) ынтымақтастық туралы келісімнің аясында жыл сайын лингвистика және лингводидактика мәселелері бойынша студенттердің, магистранттардың және докторанттардың ғылыми жұмыстарының халықаралық конкурсы өткізіледі

«Зерттеу әдістемесі: сапалық және сандық жолдар» тақырыбындағы бейне дәріс, (модератор Ph.D., профессор Р.П.Милруд, ақпан, 2016)

6D011900 - шет тілі бағыты бойынша докторлық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша консультативтік басшылықты қамтамасыз ету саласындағы меморандумдарды жүзеге асыру аясында факультеттің докторанттары екі шет тілін қадағалап отырады:

Докторанттың

аты-жөні:

Шетелдік кеңесшінің аты-жөні(ғылыми дәрежесі, атағы):

Тақырып атауы

1

Тулеубаева Шолпан Каленовна

Николае Станчу, Белград университетінің PhD докторы (Сербия)

Қазақстан мен Қырғызстан мектептерінде көптілді білім беруді енгізу (салыстырмалы талдау)

2

Кохановер Татьяна Александровна

Костина Екатерина Алексаавна, П. ғ. к., НГПУ шет тілдер факультетінің деканы (Новосибирск қ., Ресей)

Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік құзіреттілігінің қарапайым деңгейін қалыптастырудың педагогикалық шарттары

3

Жанкина Бакытжан Жакановна

Костина Екатерина Алексаавна, П. ғ. к., НГПУ шет тілдер факультетінің деканы (Новосибирск қ., Ресей)

"Moodle" платформасы негізінде шет тілдерін оқытуға арналған виртуалды білім беру кеңістігін құру

4

Мекежанова Асель Бисембаевна

Николае Станчу, Белград университетінің PhD докторы (Сербия)

Болашақ жаратылыстану мамандандырылған пәндерінің оқытушыларын тілдік оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері

5

Сейлханова Айнур Ергалиевна

Cem Erdem (Адам Мицкевич атындағы университетінің профессоры (Познань, Польша)

Қазақстан Республикасындағы мектеп білімін модернизациялау аясында Pedagogy негізінде болашақ ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған кәсіби оқыту

6

Мустафина Айгерим Сагадатовна

Николае Станчу, Белград университетінің PhD докторы (Сербия)

«Халықаралық құқық» мамандығы студенттерінің шет тіліндегі кәсіби коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру

7

Смагулова Гульнур Жумартовна

Николае Станчу, Белград университетінің PhD докторы (Сербия)

Тілдік мамандық студенттерін шет тілі сабақтарында аудио және видео материалдарды  қолдануға дайындау

8

Андреева Ольга Александровна

профессор

Курпешко Н. Н.

НГПУ (Ресей)

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық мамандықтардың студенттерінің кәсіптік қызметте ағылшын тілін пайдалану дайындығын қалыптастыру

9

Жорабекова Динара Мухтаровна

Анна Т. Литовкина, доктор PhD., ассоциированный профессор,. Яноша Шейе ат. Университет (Словакия).

 

Жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттар аясында оқушылардың ағылшын тілін деңгейлі оқытуға көшу әдістемесі

 

10

Муратова Лаура Муратовна

Моисеева Людмила Владимировна, п.ғ.д., профессор Урал мемлекеттік педагогикалық университет (Ресей)

Рухани жаңғыру ұлттық бағдарламасы негізінде тілдерді оқытудың ғылыми педагогикалық негізі 

11

Ахметова

Динара Рашидовна

Констанция Деверо, доктор PhD, Колорадский Государственный университет (США).

«Онлайн ресурстарын қолдана отырып техникалық мамандықтар бойынша білім алушы студенттерге шетел тілінде кәсіби деңгейде тілдесуге үйрету ерекшеліктері»

 

«Fulbright» бағдарламасының стипендиаты Валери Сартор (АҚШ) 2019-2020 оқу жылында шет тілдер факультетінде қызмет атқарады. Оның жұмысы студенттеге сын ойлау дағдысын қамтып, практикалық ағылшын тілін үйрету. Сонымен қоса, профессор Валери Сартор оқытушыларға, магистранттар мен докторанттарға ғылыми-әдістемелік семинарлар және ағылшын тілінен халықаралық емтиханды (IELTS) тапсыруға арналған дайындық масстер-класстар өткізеді.