Ғылыми бағыттар

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің Тіл білімінің мәселелері жөнінде ғылыми-зерттеушілік зертханасы 2013 жылғы 19 наурыздағы №310 бұйрығы аясында шет тілдер факультеті негізінде құрылды.

Шет тілдер факультеті оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

Ғылыми-зерттеу жұмыстары ғылыми зерттеулерді жоспарлауға, ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге, жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауға, зерттеу нәтижелерін оқу процесінде әзірлеуге және енгізуге бағытталған.

Факультетте тіл білімі мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу зертханасы бар (Жүктеу (Power point)), оның негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруы бойынша 2 ғылыми жоба жүзеге асырылды: - 2015-2017 жж. - Шетел тілдерін ерте оқытуды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету (ғылыми жетекші: п.ғ.д., профессор Б.А Жетпісбаева); - 2015-2017 жж - Көптілді білім берудегі инженерлік кадрлардың үздіксіз тілдік дайындығын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету (колледж-университет) (жетекшісі: п.ғ.д., профессор Б.А Жетпісбаева).

Қазіргі уақытта зертханада ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруы бойынша 2 ғылыми жоба жүзеге асырылуда: - 2018-2020 жж. - Шығыс-Батыс құндылық матрицасындағы дискурсты модельдеудің танымдық және аксиологиялық негіздері: шет тілінде білім беру аясында (ғылыми жетекші: п.ғ.д., профессор Исина Г.И.); - Қазақ тіліндегі түрлер категориясының дамуы мен қызмет ету заңдылықтары және оны ағылшын тіліндегі түрлер категориясымен салыстырмалы талдау (ғылыми жетекші: доцент Ф.А.Какжанова)

2013 жылдан 2019 жылға дейінгі ғылыми жобалар шеңберіндегі зерттеулердің нәтижелері 5 монографияда, 15-тен астам мақала Scopus және Web of Science мәліметтер базасында, 50-ден астам мақалалар отандық және шетелдік басылымдарда, халықаралық және аймақтық конференциялардың материалдарында көрініс тапты.

Сонымен қатар соңғы 5 жылда 5 PhD докторлық және 50-ден астам магистрлік диссертациялар қорғалды. Қазіргі уақытта зерттеу 18 PhD докторлық және 20 магистрлік диссертациялар аясында жүргізілуде.

ПОҚ секілді студенттер де факультеттің ғылыми өміріне белсенді қатысады. Студенттердің өзіндік ғылыми, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға үлкен мүмкіндіктері бар. Факультетте студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартылуын кеңейтуге бағытталған «Шет тілдер факультетінің ғылыми үйірмесі» жұмыс істейді. Ғылыми үйірменің негізгі міндеттері:

Результатами работы студенческого научного кружка и совета молодых ученых являются рост уровня теоретической и практической подготовки, победы в научных мероприятиях: олимпиадах, конкурсах, регионального, республиканского и международного масштабов, что положительно влияет на компетенции обучающихся и имидж факультета

Факультет алыс және жақын шетел студенттері белсенді қатысатын халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми – зерттеу жұмыстары конкурстарын ұйымдастыруға белсенді қатысады.

2016 жылы "Қазіргі қоғамның әлеуметтік трансформациясы жағдайындағы тілдік білім беру" Халықаралық ғылыми форумына шетелдік ұйымдар мен елшіліктер өкілдері қатысты.

2017 жылы ЕҚЫҰ-мен бірлесіп ЖОО-ның педагогикалық мамандықтарының студенттері арасында көптілділік бойынша халықаралық студенттік олимпиада.

2019 жылы Халықаралық студенттік олимпиада. 2019 жылы Лингвистика және лингводидактика мәселелері бойынша студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми жұмыстарының халықаралық конкурсы.

Олимпиада аясында келесі тақырыптар бойынша мастер-класстар өткізілді:

2019 жылдан бастап шет тілдер факультетінде 6D011900 – Шет тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша доктор PhD дәрежесін беру үшін докторлық диссертацияларды қорғауға арналған диссертациялық кеңес жұмыс атқарады.